Четверг, 28 марта, 2024
Басты бетЖаңалықтарНАЗАР Травматологиялық ахуалдық орталық ашылады

НАЗАР Травматологиялық ахуалдық орталық ашылады

Алматы облысында мемлекетаралық маңызы бар 5 және республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолы бар. Осыған орай Алматы облысындағы жол-көлік оқиғалары еліміздің өзге өңірлерімен салыстырғанда бақылауды ғана емес, жіті назар аударуды қажет етеді.
Бұл тұста Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының жетекшілігімен Алматы облысының Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім, Автокөлік және Төтенше жағдайлар басқармалары бірлесе жұмыс атқаруда. Қабылданған шараларға қарамастан, интенсивті өндірістің дамуына, халық санының өсуіне, ауылдық жерлерден қалаға көшуіне байланысты жарақат алу саны жоғары.
Алматы облысында 2021 жылдың 9 айы бойынша 1655 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2417 адам зардап шексе, 316 адам қаза тапқан. 2020 жылмен салыстырғанда биыл жол-көлік оқиғасы 10,6 пайызға, жарақат алғандар 12,6 пайызға, қаза болғандар 24,4 пайызға артқан. Бұл көрсеткіш алаңдатарлық. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы штаттан тыс травматолог-ортопед Анарбек Монголханұлына травматология және травматологияны дамытудың 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған жоспарын әзірлеуді тапсырған еді.
Жарақаттарды болдырмау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жақсартуда кешенді медициналық көмекті күшейту және жетілдіру, облыста травматологиялық ахуалдық орталық ашу жоспарына қолдау көрсету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы директорының ғылыми-зерттеу және стратегия жөніндегі орынбасары, Өңірлердегі жол картасын әзірлеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Нұрланұлы, Қарағанды облысы бойынша Ахуалдық орталығының басшысы Ерік Ерланұлы облысымызға арнайы іс сапармен келді. Өз кезегінде олар Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының, Облыстық аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты.
Іс-сапар барысында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Әбілсейітұлы, Арман Нұрланұлы, Ерік Ерланұлы, Алматы облысының штаттан тыс травматолог дәрігері, облыстық аурухана директоры Анарбек Монгол Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлының қабылдауында болды. Олар болашақта өңірдегі жарақаттар санын азайтып қана қоймай, медициналық көмек көрсетуді жақсартуға мүмкіндік беретін травматологиялық ахуалдық орталықтың алдағы жоспарын талқылады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласындағы Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының микрохирургі Мақсұт Ибраев облыстық ауруханада 5 микрохирургиялық ота жасап, 12 науқасқа кеңес беріп, мастер-класс өткізді
Ахуалдық орталықты ашумен өңірдегі денсаулық сақтау жүйесін қадағалау мен басқарудың тиімді тетігіне қол жеткізілмек. Ендеше, қолға алған бастаманың сәтті боларына сенеміз.

Талдықорған қаласындағы
облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments