Воскресенье, 14 июля, 2024
Басты бетСайлау—2023Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берді

Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берді

Қазақстандағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың 46,84 пайызы бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) хабарлады.

Облыстық, қалалық, республикалық маңызы бар және Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған мәлімет бойынша, сағат 14:00 дейін өңірлерде сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі төмендегідей:

1. Абай облысы – 52,28 %;
2. Ақмола облысы – 52,12%;
3. Ақтөбе облысы – 51,28 %;
4. Алматы облысы – 52,13 %;
5. Атырау облысы – 36,15%;
6. Батыс Қазақстан облысы – 55,14%;
7. Жамбыл облысы – 58,32%;
8. Жетісу облысы – 52,41%;
9. Қарағанды облысы – 56,97%;
10. Қостанай облысы – 62,36%;
11. Қызылорда облысы – 51,24%;
12. Маңғыстау облысы – 49,18%;
13. Павлодар облысы – 52,24%;
14. Солтүстік Қазақстан облысы – 49,68%;
15. Түркістан облысы – 48,37%;
16. Ұлытау облысы – 52,29%;
17. Шығыс Қазақстан облысы – 58,69%;
18. Астана қаласы – 33,65%;
19. Алматы қаласы – 15,38%;
20. Шымкент қаласы – 35,61%.

Еске салайық, бүгін елімізде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр. Еліміз бойынша 10146 сайлау учаскесі, оның ішінде Алматы облысында 629 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Дауыс беру республиканың көп бөлігінде Астана уақыты бойынша сағат 19:00-де аяқталады

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments