Жексенбі, Қараша 27, 2022
Басты бет Жаңалықтар Сыңғырла соңғы қоңырау

Сыңғырла соңғы қоңырау

25 мамыр күні барлық білім ордасында соңғы қоңырау мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Аудан əкімі Нұрлан Ертас жəне аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова Бозой негізгі орта мектебіне арнайы барып, «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты мерекелік шараға қатысты.

Мектептің спорт залында ұйымдастырылған салтанатты шарада Нұрлан Ертасұлы сөз сөйлеп, жас түлектерге сəттілік тіледі. Ол өз сөзінде: Құрметті ауылдастар, қымбатты жас түлектер! Сіздерді тағы бір оқу жылының аяқталуымен, бүгінгі «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке мектеп бітіруші түлектің жүрегінде мəңгі сақталатыны сөзсіз. Мен қазір сіздерді көріп, толқып тұрмын. Себебі, осыдан 25 жыл бұрын менде осы мектепті бітіріп, үлкен өмірге қадам басқан едім. Көзді ашып жұмғанша ширек ғасыр өте шығыпты. Сіздердің орталарыңызда болашақ ел тізгінін ұстайтын, қазақ елінің мақтанышы болатын азаматтар шығатынына мен сенемін. Алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, армандаған жоғары оқу орындарына түсулеріңе тілектеспін, – деген ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар білікті ұстаздар мен үздік оқушыларға Алғыс хаттар табыс етті.

Айта кетейік, 2021-2022 оқу жылында аудан бойынша 1317 түлек мектеп бітіруде. Оның 783-і Ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Олардың 66-ы «Алтын белгіге», 73-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

 Осы Бозой ауылындағы 50 жылдық тарихы бар киелі білім шаңырағында биыл 7 түлек мектеп табалдырығымен қоштасып, үлкен өмірге бет алды.

 Б.АЙТАЛЫ.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments