Суббота, 20 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарТуберкулез туралы не білу керек?

Туберкулез туралы не білу керек?

Туберкулез — ежелгі жұқпалы аурулардың бірі. Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын ашты және бұл жұқпалы ауру екенін дәлелдеді. ХХ ғасырға дейін туберкулез іс жүзінде емделмейтін болған. Туберкулез әлемдегі ең көп таралған инфекциялардың бірі. Микроскоп астындағы туберкулез микробы катты ұлғайған кезде кішкентай таяқша тәріздес болып көрінеді, сондықтан туберкулез таяқшасы деп аталды.

Туберкулез дегеніміз не? 

Туберкулез — бұл өкпе және лимфа түйіндерде ерекше қабыну өзгерістерінің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Туберкулез — бұл тек өкпе ауруы ғана емес. сонымен қатар адамның барлық ағзаларының — сүйектердің, бүйректердің, мидың және ми қабықтарының, терінің, көздің және басқа ағзалардың да зақымдануы. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Жұқтырудың негізгі көзі — туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулез қалайша тарайды?

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болып қала отырып, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге тұнады және көптеген жылдар бойы өміршең болып қалуы мүмкін.

Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті, немесе еті адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.

Науқас өмір сүретін жерде санитариялық жагдайлар мен сақтық шараларын сақтау өте Маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын наукас барлык гигиеналык талаптарды сактаса, онда ол айналадағыларға қауіпсіз. Өкпе туберкулезі тұқым куаламайды. Туберкулез ауруымен ауыратын ата-аналардың балалары сау болып туады. Алайда, барлық сақтық шараларын сақтамаған жағдайда бала туберкулезді жұқтырып, ауырып калуы мүмкін. Туберкулез микобактериялары адам ағзасына түскен кезде ауру жұқтырылады, бірак туберкулез ауруының дамуы әр жағдайда болмайды. Өкпе туберкулезінің ауруы иммунитет төмендеген, жеткіліксіз тамақтану, қанағаттанарлыксыз санитариялық-гигиеналық жағдайларда орын алады. Негізінен иммунитеті нашар жас балалар, жыныстық жетілу кезеңіндегі жасөспірімдер және иммунитеті төмен карт адамдар ауырады.

Туберкулез ауруына ықпал ететін факторлар:

  1. Толыққанды тамақтанудың болмауы.
  2. Туберкулезбен ауыратындармен тығыз, ұзақ қарым-қатынас жасау (кішкентай балаларға қысқа мерзімді қарым-қатынастың өзі жеткілікті).
  1. Маскүнемдік.
  2. Темекі шегу.
  3. Нашақорлық.
  4. Ілеспе аурулардың болуы (диабет, асқазан жарасы, өкпенің созылмалы аурулары).

Туберкулез белгілері:

  1. Ұзақтығы екі аптадан асатын жөтел
  2. Шаршау және әлсіздік
  3. Дене салмағының төмендеуі
  4. Температураның ұзақ көтерілуі
  5. Түнде тершеңдік
  6. Кеуде қуысындағы ауырсыну
  7. Қан түкіру                                                                                                          Дәрігерлер- Курбанова Ш.Онгарбаева А.
    Медбикелер- Малбаева Д. Кибраева Г. Айсаева А. Абдейсаева   Ш.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments