Среда, 24 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарШекарашылар марапатталды

Шекарашылар марапатталды

1992 жылғы тамыздың 18-де Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен КСРО-ның Шығыс шекаралық округі базасында
Қазақстан Республикасының Шекара əскері құрылды. Содан бері 29 жыл бойы қазақстандық шекарашылар еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетуде.
Шекарашылардың атқарып жатқан өлшеусіз еңбегі біздің көзімізге үнемі көріне бермейді. Бірақ олар жаздың аптап ыстығы мен қыстың қытымыр аязына қарамастан ел тыныштығын күзетіп, сақтық шараларына баса назар аударуда.

Бүгін аталған мерекеге орай аудан әкімінің орынбасарлары Ақниет Туматаев пен Абзал Нұрпейісов Жамбыл ауданының аумағында орналасқан «Қастек»,«Қарғалы»,«Жамбыл» шекара бөлімшелеріне арнайы барып, оларға аудан әкімінің құттықтау хатын тапсырып, Алғыс хаттар берді.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments