Четверг, 25 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedШекара аймағының тұрғындары және қонақтарының назарына!

Шекара аймағының тұрғындары және қонақтарының назарына!

Шұғыл ақпарат

Еліміздің шекара аймақтарындағы көркіне көз тоймайтын әсем жерлерін көру үшін алыстан ат арылтып келетін туристер қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. Хаңтәңірі, Іле Алатауы мемлекеттік қорығы, Көлсай, Шарын шатқылы.., осылай тізіліп кете береді.

Осыны басты назарға алған ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, шекара маңы аудандарында кіру (өту), уақытша болу, жүріп-тұру, шаруашылық жұмыстарын жүргізу, шекара аймағында және шекара бойында қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу тәртібі белгіленгенін хабарлайды.

Еліміздің мемлекеттік шекарасында және шекара белдеуінде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Egov» электрондық үкіметтің сайтында өтініш беру арқылы шекара белдеуіне кіруге және болуға рұқсаттама береді.

Осы орайда, шекаралық режімді және мемлекеттік шекара режімін бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510 және 514-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.Қазіргі саяси жағдай біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі үшін үлкен алаңдаушылық туғызады. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету халқымыздың ортақ міндеті болуға тиіс. «Шекараны бүкіл халық қорғайды» атты қағида бүгінде барған сайын өзекті бола түсуде. Барлық азаматтарды саналы болуға және мемлекеттік шекарада бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз.Ақпараттар бойынша ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментімен хабарласуға болады: 8 7272 676-445.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments