Воскресенье, 14 июля, 2024
Басты бетСайлау—2023ҚХП Дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін қорғау қажет

ҚХП Дәрігерлердің әлеуметтік мәртебесін қорғау қажет

ҚХП Атырау облыстық филиалының төрағасы, Парламент Мәжілісіне кандидат Балжан Досмұхамбетова қалалық перзентхана ұжымымен кездесті.

Алдымен спикер Балжан Досмұхамбетова перзентхана дәрігерлеріне партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

– Жаңа Қазақстанға – жалдамалы қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқығын тиісінше қорғайтын жаңа Еңбек кодексі қажет. Халық партиясы әрбір қазақстандықтың медицинаға, білімге қол жетімділігі бар, оның құқығы толық қорғалатын әділ Қазақстанды қалайды. Денсаулық саласына МӘМС енгізу үмітті ақтамады. Еліміздің көп тұрғыны жаппай «Damumed»-ке тіркелу мен дәрігердің қабылдауына жазылу мүмкін емес деп шағымдануда, – деді Балжан Досмұхамбетова.

Сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар мен заңдарға қарамастан, еліміздегі дәрігерлердің жалақысын көбейтіп, әлеуметтік мәртебесін қорғауды қажет етіп отырғанын тілге тиек етті.

– Біз осы білім мен денсаулық саласына инвестиция құйып, жалақыны есептеуді түбегейлі қайта қарауды ұсынамыз. Өйткені, бюджеттік салада әлі күнге дейін есептеу тарифі бұрынғы жүйемен тұр. Базалық жалақы 10 жылдан астам уақыт бойы өзгермеген, – деді ол.

Кейіннен спикер білім саласындағы қордаланған мәселелерге тоқталып өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments