Понедельник, 2 декабря, 2024
Басты бетЖаңалықтарҮндістаннан келген дәрігерлер 100-ден аса науқасты қабылдады

Үндістаннан келген дәрігерлер 100-ден аса науқасты қабылдады

20-24 ақпан аралығында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында Үндістандағы Нью-Дели қаласында орналасқан «Accord» жоғары мамандандырылған клиника дәрігерлері қабылдау жүргізді. Тәжірибелі медицина мамандары 4 күн ішінде 110 адамды тексеруден өткізіп, кеңес берді. Халықтың дені — Алматы облысындағы шалғай жатқан аумақтардан келді.
Сондай-ақ, 3-і Шымкенттен, тағы 10-нан аса науқас Талдықорған қаласынан арнайы келген.

«Менің есімім Прабал Рой. Хирург-дәрігерімін. Қазір лапароскопиялық хирургияға машықтанып жүрмін. Жақсартылған лапароскопия және жақсартылған лазер. Бұл әдістер облыстағы Қазақстан мен Үндістан мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға сеп болмақ. Бірнеше күнде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында үлкен тәжірибе алдым. Мәселен, мұндағы дәрігерлердің науқастарды емдеудің тиімді әдістерін көрдік. Сондай-ақ, біз өз тарапымыздан технологиялар мен ақпараттармен бөлістік» — дейді, дәрігер.

Айта кетейікч Прабал Рой лапаротомиялық 4 отаға қатысты.

» Біз 4 күнде 100 шақты тұрғынды қабылдадық. Олар еліміздің әр түкпірінен келген. Бұл Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының үздік медицина мекемесі екенін көрсетті» — деді, травматолог-дәрігері Юврадж Кумар.

Үндістаннан келген дәрігерлер қабылдауын естіп келгендердің бірі — Іле ауданының тұрғыны — Аяла Предебайқызы. Ол нефролог-дәрігері Джитендра Кумар қабылдауына барды.

«Мен 19 жастамын. Маған созылмалы бүйрек жетіспеушілігі деген диагноз қойған. Қатты ауырғанда мені Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізіп, тиісті ем-дом көрсетті. Менің дәрігерім Майра Мусаевна. Ол мені қабылдап, ауруханада диализ алуға шешім қабылдады. Мен Үндістаннан тәжірибелі нефролог-дәрігері келетінін сол дәрігерімнен білдім. Ол мені қабылдап, қазіргі диализ алғанымды құптады. Бірақ бүйрек трансплантациясы керек екенін айтты. Джитендра Кумар дәрігері маған Нью-Делиде ота жасауға дайын. Мұндай жылы сөздер мен үміт сыйлаған әлемдік тәжірибесі бар ақ халаттыларға алғысым шексіз. Қуанып қалдым. Мұндай қолдауды шетелдің мамандарынан естігеніме қуаныштымын -дейді, ол.

«Мен Үндістандағы жоғары мамандандырылған «Accord» ауруханасының бүйрек бойынша бөлім меңгерушісімін. Мен Қазақстанға келіп, тәжірибе алғаныма қуаныштымын. Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына келген 3 білікті дәрігеріміз келген тұрғындардың 100 пайызын қабылдады. Басты мақсатымыз — жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Олар мұнда үлкен жұмыс атқарып отырғанына көз жеткіздік. Сондықтан олар да үйренеріміз көп болды. Қажетті ақпараттарды алдық. » -деді, Джитендра Кумар нефролог-дәрігері.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments