Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласы бойынша 400-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Алматы облысында өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласы бойынша 400-ден астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Ерлан Қадыров айтты.
Ведомствоның бөлім басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жұмыстары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
«Қазіргі таңда департамент тарапынан төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның біріншісі — қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу, екіншісі – жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру, үшіншісі – қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу және есептен шығару, төртіншісі – өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеру», – деді Ерлан Қадыров .
Оның айтуынша, биыл қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу жөнінде 22 жоба бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 5-і дәлелді бас тартумен қаралды.
Сондай-ақ жыл басынан бері 424 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 11-і дәлелді бас тартумен қаралған. Оның негізгі себебі – ұсынылған құжаттардың толық еместігі.
Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша былтыр 12 жарылыс жұмысына рұқсат берілсе, 2-іне дәлелді бас тарту болды. Биыл жыл басынан бері 4 жарылыс жұмысына рұқсат берілді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments