Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында 607 мыңнан астам тұрғын екпе алды

Алматы облысында 607 мыңнан астам тұрғын екпе алды

Аймақта коронавирус өршуде. Тағы да 300 адам бір тәулікте індет жұқтырды. Ал, осы уақытқа дейін 36 123 жағдай зертханалық расталған.
КВИ өсу қарқыны соңғы 2 апталық салыстыру кезінде бір деңгейде қалып отыр — 0,9%.
Естеріңзіге саламыз, жыл басынан Алматы облысына вакцинаның 1 компонентінен 679 255 дозасы келіп түсті.
Бірінші компонентпен 607 007 адам егілді, екіншісімен – 470 625. Вакцина алған адамдар арасында – мемлекеттік қызметкерлер – 12 093, медицина қызметкерлері – 23 507, педагогтар – 38 787, созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек – қантамыр жүйесі) – 5082 және басқа да қызмет салаларының өкілдері – 479 681 адам.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments