Воскресенье, 5 мая, 2024
Басты бетUncategorizedАлматы облысында “Birgemiz: áreket ýaqyty” республикалық еріктілер жобасы қарқынды

Алматы облысында “Birgemiz: áreket ýaqyty” республикалық еріктілер жобасы қарқынды

Бүгінде елімізде “Birgemiz: áreket ýaqyty” волонтерлік жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Алматы облысы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық волонтерлік желісінің атқарушы директоры Татьяна Миронюк айтты.

Татьяна Миронюктің айтуынша, аталған жоба шеңберінде Республикалық маңызы бар 17 облыс пен 3 қалада іс-шаралар өткізіліп жатқаны туралы айтты.
«Бүгінгі таңда облыс бойынша 3598 ерікті жұмыс істейді.“Birgemiz: áreket ýaqyty” Республикалық фронт-офис бағыты бойынша мүгедектерге, қарттарға, жетімдерге, жалғызбасты және үйсіз жандарға көмек көрсету мақсатында жас волонтерлердің деректер базасын қалыптастыру бойынша “облыстық жастар ресурстық орталығы” КММ базасында 9 ауданда волонтерлердің өңірлік фронт-офисі құрылды»,-деді спикер.
Мұнымен қоса,облыста 2021-2023 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту жөніндегі республикалық жол картасы іске асырылуда. Бас құжатқа сәйкес, «Білім», «Салауат», «Сабақтастық», «Таза әлем», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Үміт», «Аяла» сынды бағыттарының негізінде жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыста «Адалдық», «JaryqTeam», дебат және «Жайдарман», «Speaking Club» және жас әншілерге арналған «АниБарс» пен «Shanyraq» клубтары құрылған

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments