Вторник, 7 мая, 2024
Басты бетUncategorizedАЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛЫМДАР БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЛЫМДАР БОЙЫНША КӨШ БАСТАП ТҰР

Соңғы жылдары Алматы облысы шетел инвестициясын тарту саясатын белсенді түрде жүргізіп келеді. Өткен жылы ғана облысқа 705 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Яғни, 2022 жылмен салыстырғанда 11%-ға жуық артқан. Бұл өз кезегінде үлкен көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Инвестициялық жобалар арнайы экономикалық аймақтарды құру, тіркеу және лицензиялау рәсімдерін жеңілдету, сондай-ақ инвесторларға салықтық жеңілдіктер енгізу арқылы жүзеге асырылады.*

*Алматы облысында инвестицияға жайлы салалардың көптігі және инвестициялық ахуалдың жоғары деңгейі осы өңірді шетелдік компаниялар үшін инвестиция салуға тартымды етеді.*
*Өңірдің инвестициялық саясаты — терең өңдеуге бағытталған. Нәтижелі жұмыстардың арқасында өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көрсеткіші 2023 жылы 130 миллиард теңгеге жуық қаржыны құрап, бір жылдың ішінде 199%-ға өскен. Әрине, мақтауға тұрарлық жоғары көрсеткіш екені рас.*
*Республика көлемінде бұл өңір негізгі капиталға инвестициялар құрылымындағы сыртқы инвестициялар үлесі бойынша 4-орынды иеленіп отыр.*
*Яғни, бүкіл ел бойынша 27%-ға жуық үлес — Алматы облысына тиесілі*.
*2023 жылдың тек тоғыз айлық қорытындысы бойынша Алматы облысына 585,9 млн. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар салынған.*

*Қазіргі таңда облыс аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 6 мыңға жуық жұмыс орнын құра отырып, 703 млрд. теңгеге 20 жоба іске асырылуда.*
*Осындай жобалардың бірнешеуін — жобалау мен құрылыстың белсенді кезеңіне темекі өнімдерін өндіретін корейлік “KT&G” зауыты, картоп чипстерін өндіретін “PepsiCo” американдық компаниясы, қойма құрылысы бойынша ресейлік “Ozon” сияқты трансұлттық компанияларды атап өтуге болады.*
*Сонымен қатар, ресейлік “ТехноНиколь” оқшаулағыш материалдар зауыты, қытайлық “Jiangxi Copper” вольфрамды терең өңдеу комбинаты іске қосылатын болады.*
*Алматы облысы өзінің қаржы секторын белсенді дамытуда. Облыс Орталық Азиядағы қаржылық технологиялар хабына айналып, көптеген компаниялар қазірдің өзінде стартаптарын құруға және цифрлық платформаларды дамытуға жол ашып отыр.*
*Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға және негізгі капиталға инвестициялар тарту мақсатында “Алатау” АЭА аумағы 30 мың гектардан 97 мың гектарға жуық кеңейтілді, бұл әрине, облыстың үлкен мүмкіндіктерін пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың дамуына тиімді бағыт береді.*
*Алматы облысы индустриалды аймақ екені дәлелденді деп айтса артық емес, бүгінде жалпы ауданы 1400 гектарға жуық 4 индустриалды аймақ құрылған, оның ішінде 2 аймақ — Береке мен Қайрат ИА жұмыс істейді.*

*Алматы облысына инвестиция салу – бизнесті дамытуға тамаша мүмкіндік. Өңір инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды ұсынады, сонымен қатар инновациялық жобаларды белсенді түрде қолдайды және кең ауқымды жеңілдіктер мен преференцияларды ұсынады. Біздің еліміз халықаралық жағдайда қолайлы инвестициялық орта құруға ұмтылады, сондықтан инвесторлар өз инвестицияларының тұрақтылығы мен болашағына сенімді бола алады.*

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments