Воскресенье, 19 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарОлжас Бектенов МӘМС жүйесін реформалайтынын айтты

Олжас Бектенов МӘМС жүйесін реформалайтынын айтты

«Барлық сметалық құжаттарға қазақстандық құрылыс материалдары мен басқа да заттар енгізілуге тиіс. Сондай-ақ сметалық құжаттамаларға материалдар мен жұмыстардың құнын орынсыз жоғарылатып жіберуге қатысты тексеру жүргізіңіздер. Сметалардың құны көтеріліп кететіні баршаға мәлім. Бұл мәселеде де тәртіп орнату керек», — деді Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы өнеркәсіп кәсіпорындарын энергиямен сенімді түрде қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті. Биыл 700 МВт-тан астам қосымша генерацияны іске қосу қажет екені де айтылды. Олжас Бектенов тапсырма орындалмаған жағдайда тиісті қорытындылар жасалатынын ескертті.

Сондай-ақ, ол МӘМС жүйесін реформалау қалай іске асу керектігін айтты.

«МӘМС жүйесі елеулі қайта форматтауды қажет етеді деп санаймын. Қаражатты тиімсіз жұмсау мен артық жалған тіркеулер бола тұра оны қаржыландыруды ұлғайтуға жол берілмейді. Сала толық цифрландыру мен ашықтықты талап етеді», — деді Премьер-Министр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments