Воскресенье, 24 ноября, 2024

Бірлігіміз бекем

27 сәуір күні Елордамыз Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясы болып өтті.

Сол жиында Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының рухани жаңғыруға белсене атсалысатынына сенім білдіріп, Ассамблея мүшелеріне өз әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін бірқатар жобаларға тоқталды. «Біздің қаншама замандасымыз, қаншама Ассамблея белсендісі ел игілігі үшін риясыз қызмет етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне, жынысына қарамастан, біз олардың барлығын елге таныта білуіміз керек. Мұнда қойылатын талап біреу ғана, ол – азаматтың Қазақстан дамуына қосқан үлесі», – деді Қазақстан Президенті.

Біз, Қарасай ауданында Мемлекет басшысы жоғарыда атап өткен жобаларға бір кісідей атсалысып, өз үлесімізді қосамыз деген үміттеміз. 130-дан аса ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуіне септігін тигізіп, барлық ұлт өкілдерін бөліп-жармай бір атаның баласындай көріп жүрген Ел Президентіне шын жүректен алғыс айтамыз.  Мен барлық аудан тұрғындарын 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Көгімізде қыранымыз қалықтап, көк байрағымыз мәңгі желбіресін!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments