Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы директоры мәлімдеді.
Сақтандыру қорына түскен жарналар мен аіударымдардың 3,4 млрд теңгесі
жұмыс берушілерден түскен. Қызметкерлерден 2 млрд теңге, ал жеке кәсіпкерлерден 692 млн теңге және өзгелерден (өзін-өзі төлеушілер , МЖӘ, БЖТ қызметкерлері) 393 млн теңге аударылған.
«Халықты медициналық қызметтермен қамтуды кеңейту жөніндегі «Салауатты ұлт» ұлттық жобасының негізгі міндеттерінің бірін орындау үшін азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне барынша тарту қажет», — деді брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы директоры
Ақпаратына сүйенсек, Қонаевта 1539 575 адам тұрады. Олардың 1221 816 сақтандырылмаған. Бұл өңір халқының 79,4%. Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша сақтандырылмаған адамдардың саны 317 759 адам немесе 20,6%. Биыл орташа республикалық деңгейге, яғни 82% жету немесе 40 635 адамды сақтандыру жоспарда.
Маманның айтуынша, қала және облыс аудандары бөлінісінде сақтандырылмаған азаматтардың басым бөлігі ауылдық жерлерде тұрады. Басым бөлігі Райымбек, Балқаш, Іле, Жамбыл аудандарында. Сонымен қатар, брифингте МӘМС жарналарын төлеу жүйесіне енгізілген өзгерістер баяндалды. Жұмыс берушілер еңбеккерлер үшін-жалақы мөлшерінің 3% өтейді . Алайда салық салынатын табыс 10 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) (700 000 теңге) аспауы тиіс, яғни жұмыс берушінің ең жоғары аударымы айына 21 000 теңге. Жаңалықтар -өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға да бар.