Среда, 5 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарЗорлық-зомбылыққа қарсы бірге

Зорлық-зомбылыққа қарсы бірге

Отбасы – әр адам үшін ең қауіпсіз орын болуы тиіс. Бірақ кейбір үйлерде бұлай емес. Онда зорлық-зомбылық үстемдік етеді. Адамдар үйде қорқынышпен өмір сүреді. Олар ұрылып-соғылады, қорланады, ақшасынан айырылады немесе психологиялық қысымға ұшырайды. Бұл отбасылық жанжал емес – бұл қылмыс. Заң бойынша қылмыс.

Зорлық-зомбылықтың ең қауіпті жағы – ол көзге көрінбейді. Есік жабылған соң, ешкім білмейді. Жәбірленуші үндемейді. Ұялады, қорқады, не істерін білмейді. Бірақ үнсіздік зорлықты тоқтатпайды, керісінше оны күшейтеді.

Егер сіз зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, есіңізде болсын:

– Сіз кінәлі емессіз. Зорлық ешқашан жәбірленушінің кінәсі емес.
– Сіз жалғыз емессіз. Көптеген адамдар осы жағдайдан өткен.
– Заң сіздің жағыңызда. Сізді қорғайтын заң бар.

Не істеу керек?

  1. Қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз. Егер сізге қауіп төнсе, дереу қашыңыз. Көршіге, туысқа, досқа барыңыз. Қауіпті сәтте үйде қалмаңыз.

  2. Полицияға хабарласыңыз. 102 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз. Бұл сіздің заңды құқығыңыз.

  3. Көмек сұраңыз. Дағдарыс орталықтары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер бар. Олар сізге көмектесуге дайын.

  4. Дәлелдемелерді сақтаңыз. Егер сізде жарақат болса, суретке түсіріңіз. Хаттарды, хабарламаларды сақтаңыз. Бұл сотта сізге көмектеседі.

Егер сіз зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз:

– Үнсіз қалмаңыз. Басқаның басына түскен қиындықтан хабардар болсаңыз, көмектесіңіз.
– Полицияға хабарласыңыз. Сіздің бір қоңырауыңыз біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.
– Жәбірленушіге қолдау көрсетіңіз. Оған сіздің қолдауыңыз қажет.

Зорлық-зомбылық – бұл жеке іс емес. Бұл бүкіл қоғамның мәселесі. Біз бірге ғана оны тоқтата аламыз. Үнсіздік – зорлықтың серігі. Үнді шығарыңыз. Көмек сұраңыз. Зорлыққа жол жоқ. Біз біргеміз.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments