Воскресенье, 19 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Пасха дәстүрлері мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақыратынын атап өтті

«Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады», — деп жазылған құттықтауда.

Президент жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелеп, мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақыратынын атап өтті.
Оның айтуынша православ қауымы қоғамда өзара түсіністік пен келісімді сақтауға, бірлік және тілеулестік сияқты басты құндылықтарды орнықтыруға зор үлес қосып келеді.
«Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», — деп түйіндеді мемлекет басшысы.
RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments