Адамның өз еңбегімен тапқан дүниесі – оның өмірінің бір бөлігі. Кімде-кім үй салып, бау-бақша өсіреді. Енді біреу кәсіп ашып, басқаларды жұмыспен қамтиды. Үшіншісі кітап жазып, оқырмандардың жүрегіне жол табады. Осының бәрі – меншік. Бұл тек материалдық құндылық емес, бұл – адамның уақыты, еңбегі, арманы, өмірі.
Меншік – еңбектің айнасы. Адам еңбек еткен жерде – меншік пайда болады. Ал еңбекті құрметтеген қоғам – меншікті қорғайды. Заң меншікті қорғау үшін жасалған. Егер біреу басқаның мүлкіне қол сұқса – ол заңды бұзады. Ұрлық, алаяқтық, тонау, бүлік – бұлардың бәрі қылмыс. Ол үшін жауапкершілік бар.
Бірақ заң мен полиция – бұл тек соңғы шеп. Ең бастысы – біздің сақтығымыз. Адамдар көбінесе өздерінің салғырттығынан зардап шегеді. Құжаттарды жоғалтып алады, бейтаныс адамдарға сенеді, картасының кодын айтып қояды. Алаяқтар осыны пайдаланады.
Меншікті қорғаудың қарапайым ережелері:
-
Құжаттарыңызды, карталарыңызды, кілттеріңізді мұқият сақтаңыз. Оларды бөтендерге көрсетпеңіз.
-
Ешкімге картаңыздың нөмірін, мерзімін, кодты айтпаңыз. Бұл деректер тек сізге ғана тиесілі.
-
Мүлік сатып алғанда, сатушының құжаттарын тексеріңіз. Егер бір нәрсе күмән тудырса – маманға көрсетіңіз.
-
Үйіңізді, көлігіңізді қараусыз қалдырмаңыз. Бұл – қылмыскерлердің қолына түсетін мүмкіндік.
-
Егер сізге бейтаныс адам қоңырау шалып, ақша сұраса немесе деректеріңізді сұраса – оған сенбеңіз. Бұл алаяқтықтың белгісі.
Егер сіздің меншігіңізге қол сұғылса – дереу 102 нөміріне хабарласыңыз. Дәлелдерді сақтаңыз. Полиция көмектесуге міндетті.
Меншік – еңбектің нәтижесі. Оны қорғау – әр адамның парызы. Өз мүлкіңді қорға, бірақ өзгенікіне де қолыңды тигізбе. Сонда ғана қоғам әділ әрі тыныш болады.


