Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетUncategorizedОтбасы бірлігі - басты құндылығымыз

Отбасы бірлігі — басты құндылығымыз

 

Шұғылалы таңымыз шуақты күнге ұласып жатқан уақытта отбасы бірлігі басты құндылығымыз болып отыр.

Қоғамның көркею жолында отбасының алатын орны ерек. Еліміздің мәңгілік тұрақтылығы сақталуы үшін ұрпаққа өнегелі тәрбие берген абзал. Бірінші кезекте жанұямыздың берекесін сақтасақ, ел іші де ынтымақты күйге ұласары сөзсіз.

Ата мен ананың үлгісі — ұл мен қыздың тәрбие белгісі. Бүгінгі кезекте Отбасы күні қарсаңында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылының үлгілі Сабырбековтер отбасын сөз еткіміз келді. Шаңырақтың тұғырын берік ұстап, жанұясының мәуелі бәйтерегі болған Тәкен атамыз аудан көлемінде көпшілікке таныс. Ортада сыйлы, беделі биік жандардың бірі. Орман шаруашылығында 40 жылдан астам уақыт қызмет етіп қазіргі таңда зейнетте. Мемлекеттік орман саласында жануарларды қорғау әлемінде қажырлы қызмет атқарғаны үшін “Үздік орманшы” төсбелгісін иеленген. Аяулы жары Күлмес апа екеуі 3 ұл өсіріп бүгінгі күні 9 немере сүйіп отыр. Ұл-қыздары да бір-бір маман иелері. Төрт түлік малдың қадірін білген Тәкен атамыздың қорасы жылқы мен сиырға толы. Зейнеткерлік жаста қызметтен қолы босап мал-жайының басы қасында жүр. “Ата көрген оқ жонар, апа көрген тон пішер” деген даналы сөз бар. Ата кәсіпті жалғау жолында кенже ұлының міндеті жоғары. Сондықтан да атамыздың өзі істеген қызметіне балаларын баулуы бекер емес әрине.
Қарашаңырақтан бөлек балалары жеке отбасы ретінде бір-бір үйдің шамын жағып отыр. Алға қойған мақсаттарын байыппен орындап келеді. Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныта білген ұлдары көпшіліктің батасымен көгеруде. Ендеше мемлекетіміз мейірімге толы болсын десеңіз, оны өз шаңырағыңыздар бастаңыз. Себебі, отан отбасынан басталады!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments