Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетРеферендумХалықтың талқысына салып отыр

Халықтың талқысына салып отыр

Жуырда Қазақстан халықтар ассамблеясының 31-ші сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізуді ұсынды. Ата Заңға өзгеріс енгізу Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы екі мәрте өткен.

Бұл ұсынысты қарапайым халық пен әлеуметтік желідегі сыншылар тың жаңалық ретінде қабылдаған сияқты. Жасыратыны жоқ, Ата заңға енгізілетін өзгерістер туралы көпшіліктің пікірі сан алуан еді. Осыған дейінгі пікірлер: «Депутаттардың бір ауыздан мақұлдауымен өзгереді, қара халықпен санаспайды» дегенге саятын еді. Ал, бұл жолғы өтетін референдум мүлде басқаша. Мемлекет басшысы өзгерістерді халықтың талқысына салып, дауыс берудің нәтижесіне қарай түзетуді ұсынып отыр.

Референдум маусым айының басында өтеді деп жоспарлануда. Конституцияның өзгерістерімен кез келген еліміздің азаматы танысып,  өз таңдауын жасай алады.

Дана халқымызда «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген қанатты сөз бар. Сол қыңыр  кісілерге де осы өзгертулерді толық оқып танысып шығуы керек. Әйтпесе, кішігірім қайшылықтар жинала берсе соңы үлкен дүрбелеңге ұласып кетуі де мүмкін. Қаңтар оқиғасы бейбітшіліктің қадірін сезіндірді емес пе… Ең бастысы елдің тұтастығы мен бірлігі ұзағынан болсын!

А.Бақтияр.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments