Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетNur OtanШиен ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ЕРКІН ЖАЙЛАУБАЙҰЛЫ ИМАНБАЕВТЫҢ...

Шиен ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ЕРКІН ЖАЙЛАУБАЙҰЛЫ ИМАНБАЕВТЫҢ 2021-2025жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қиындықты еңсеріп,  еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз!

«Қазақстанда әр ауылдың да өзінің әлеуеті бар»

Тұңғыш Президент–Елбасы,«NurOtan»
партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев.

Құрметті Шиен ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Иманбаев Еркін Жайлаубайұлы, 1965 жылы Шиен ауылында дүниеге келдім, Жоғары білім алған соң, туған ауылымның дамуына үлесімді қосуға бел буғандықтан, ауылға мал дәрігері ретінде қайта қайтып келдім. Еңбек жолымды өзімнің туып өскен ауылымнан бастадым.

17 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін. бас маман-ветеринарлық инспекторы, ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші, бас маманы, бас маманы-ветеринария бөлімінің ветеринар-маманы.
2013 жылдан бастап күні бүгінге дейін Шиен ауылдық округінің әкімі болып қызмет етудемін. Жұмыс жасаған уақытымда Шиен ауылы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына ықпалым тиді.
Халықпен байланыс біздің ауылдың тұрғындары күн сайын қандай қиындықтарға тап болатынын көрсетті. Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін мен болашақта Шиен және Қоғамшыл көшелерін жарықтандыруға,сондай-ақ Шиен ауылында өрт сөндіру бекетін құруға бар күшімді саламын.
Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешуге және біздің ауылдағы өмірді жақсартуға болатынын білемін!
Маған дауыс беріңіз, мен сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күшімді саламын!

Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +77474408400
Email:erkinimanbaev@mail.ru
Құрметпен, Еркін Иманбаев

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

 2021жылдың аяғына дейін өрт сөндіру бекетінің орнатылуына ықпал етемін;
 2021 жылдың аяғына дейін Шиен ауылына қарасты Қоғамшыл ауылына көше жарығын тартылуын қолғааламын;
 2022жылыШиен ауылына көше жарығын тартылуына ат салысамын.

Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:
 Шиен ауылына мәдениет үйін салуға;
 ауылдық округті абаттандыру мақсатында, спорт және балалар алаңдарын салу үшін
күшімдісаламын.

 Туған ауылымдағы халқымның әл – ауқатын жақсартуға;
 Ауыл жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында, кәсіпкерлерге арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруға;
 Зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларды, әйелдер мен жастардың әлеуметтік қорғау мәселелерін шешуге үлесімді қосамын.

Қымбатты ауыл тұрғындары!

Ауылымыздың ертеңі қандай болатыны сіз бен бізге байланысты.
Сондықтан Сіздерді сайлау учаскесіне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.
Сіздің даусыңыз–өз жақын-жұрағаттарыңыз бен ауылдастарыңыздың бақытты жəне байқуатты өміріне қосқан үлесіңіз!
Берекелі ауыл–табысты мемлекет!

Сайлауға келіңіз!Мен үшін дауыс беріңіз!

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments