Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарының нәтижесінде 610 млрд теңгеден астам қаражат өңірлердегі 500 инфрақұрылымдық жобаға бағытталған. Қаражат су жүйелерін жаңғыртуға, мектептер, балабақшалар, медициналық және спорт нысандарын салуға, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалуда. Бұл қаражаттың қоғам қажетіне бағытталуы өңірлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.


