Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы Алматы облысында өтеді

«Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы Алматы облысында өтеді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты бас директорының орынбасары Шамек Тілеубаев айтты.
2019 жылы республика көлемінде қолға алынған «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасының нәтижесінде 2020 жылы жинақ кітап басылып шықты. Аталған ірі жоба енді өңірде жалғасын таппақ.
«Қазақ халқының тарихи-мәдени өмірін тереңінен зерттеп, заман ыңғайына қарай бұрмаланған тарихымызды қайта қарап, шынайы бағасын беру мақсатында бастау алған аталмыш жоба 100 тарихи тұлғаның тізімін жасаумен ғана шектелмей, жаңа 7 томдық академиялық басылым әзірлеп жатыр. «Көлемді еңбекте осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енбеген жаңа тарихи деректер мен есімдер, шаң басқан мұрағаттағы ақпараттар жарыққа шығады», – деді Шамек Тілеубаев.
Ал облыстық Қоғамдық даму орталығының басшысы Ерасыл Толымбекұлы болса, Қарадала және Кеген өңірлеріндегі тарихи зерттеу жұмыстары 3 кезең бойынша өткізілетінін айтты. Оның сөзінше, алғашқы экспедиция кезеңі сәуір айының 7-9 күндеріне белгіленген. Бұл күндері Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары жұмылып аймақтағы археологиялық нысандар мен мұрағаттарда зерттеу жүргізбек. Зерттеу нәтижелері жобаның екінші кезеңінде, арнайы конференцияда қоғам назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр. Қорытынды үшінші кезең қыркүйек-қазан айларында әйгілі «Қаратал» шайқасының 340 жылдығына орай үлкен мәдени іс-шара ретінде өтпек.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments