«Дала дәмі» ауылшаруашылық жәрмеңкесі облыстың әр түкпірінде демалыс сайын өтіп жатыр.
Жәрмеңкеде 31 атаудан тұратын 365 тоннадан астам өнім ұсынылды. Сөрелерде ет және сүт өнімдері, бал, балық, түрлі жеміс-жидек пен көкөніс бар. Бағалар нарықтағыдан 15–20%-ға төмен.
Тұрғындар арасында сүт өнімдері, күнбағыс майы мен жұмыртқаға сұраныс жоғары. Көкөністерден картоп, пияз және қызанақ, сондай-ақ әйгілі «Апорт» алмасы сұранысқа ие.
Жәрмеңке басталғаннан бері сатылған өнімдер:
🥔 45 тонна картоп
🧅 30 тонна пияз
🍎 31 тонна алма
🥛 2 тонна сүт
🥚 95 мың жұмыртқа
«Дала дәмі» жәрмеңкесі өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнатып, отандық өнімнің нарықтағы үлесін арттыруға ықпал етеді. Алматы облысында іс-шара 19 қыркүйекте басталып, содан бері сенбі сайын тұрақты өткізіліп келеді.
Кезекті жәрмеңке 24 қазанда өтеді. Бұдан әрі мұндай іс-шаралар жыл соңына дейін апта сайын ұйымдастырылады.
Бізбен бірге болыңыз: Atameken_press
#ДалаДәмі #Алматыоблысы #жәрмеңке #ауылшаруашылық #отандықөнім #Қазақстан #жаңалықтар



