Среда, 24 апреля, 2024

Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне есінен айырылып, ауыр халге түскен 1952 жылы туған науқас жедел жәрдеммен жеткізілді. Ілесіп келген туыстарының айтуы бойынша, науқастың жағдайы кенеттен нашарлаған, жүрегі айнып, қан құсқан. Науқастың өте ауыр жағдайда екендігін ескере отырып, орталық аурухана директоры Дәсібеков Х.А. және хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғалымжан Қамқабайұлының басшылығы арқылы көпбейінді топтың бастамасымен бір мезгілде реанимация жасау арқылы науқастың жағдайын тұрақтандыру туралы шешім қабылданды. (АРИТБ — Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімі) Барлық талдаулар шұғыл түрде алынды, ФГДС және т.б. талдаулар да уақытында жүргізілді. Көпбейінді топтың тексеруінен кейін науқастың 30-40% қан жоғалтқаны анықталды. Қан көлемін толықтыру қажеттілігі туындағандықтан, қан тобы анықталып, қан құюға тапсырыс беріліп, орындалды. Науқастың жағдайы тұрақталғаннан кейін консилиум лапаротомия жасау туралы шешім қабылдады. Операция кезінде науқастың асқазанында үлкен жара бар екендігі анықталды. Осыған байланысты аудандық орталық аурухананың операциялық хирургтары мен директоры эзофагоеюноанастомоза енгізе отырып, гастрэктомия жасау туралы шешім қабылдады. (Материал биопсияға жіберілді) Бұдан кейін пациент амбулаторлық емге жіберілді. Ал, қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр және диспансерлік есепке тіркелген. (Қанағаттанарлық жағдайда шығарылды)
Айта кетейік, бұл операция Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылды.
Бұл Талғар аураханасы хирургтарының ауыр жұмыс күндерінің бірі болды. Осындай қиын жағдайда хирургтар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, жоғары кәсіби жауапкершілікті, күрделі шешімдер қабылдау және бастаған ісін соңына дейін жеткізу секілді қабілеттерін көрсетті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments