Воскресенье, 24 ноября, 2024
Басты бетЖаңалықтар«Жетісу» - «Мемлекеттік қызмет мектебін» жандандыру мақсатында төрт жақты меморандум жасалды

«Жетісу» — «Мемлекеттік қызмет мектебін» жандандыру мақсатында төрт жақты меморандум жасалды

Алматы облысында мемлекеттік қызметтің әлеуетін арттыру үшін 2018 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетімен екі жақты меморандумға қол қойылып, нәтижесінде «Жетісу» — «Мемлекеттік қызмет мектебі» жұмысын бастаған еді. Бүгін, аталмыш бастама қанатын кеңге жайып, өрісі кеңіді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жобаның жандануы үшін, Облыстық Ішкі саясат және білім басқармаларымен, сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының аймақтағы филиалымен меморандумға қол қойды.

Жаңа бағыт, жаңа талап, өзге қоғам. Бұның барлығы мемлекеттік істегі өзгерістерді талап етеді. Бәсі әсте жоғары, қызметтегі талабы тым биік саланың суығына тоңып, отына күйетіндер некен-саяқ. Олай деуге негізде жоқ емес. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлованың келтірген деректеріне сүйенсек, 2021 жылы Мемлекеттік қызметке тұрған 230 адамның 34-і бір жылға жетер-жетпес уақытта өз еріктерімен жұмыстан кеткен. Басты себеп, мемлекеттік қызметкерге қойылар талап.

«Мемлекеттік қызметке келіп, басқа салада жұмыс жасауды құп көріп жатады. Сондай-ақ, жалақының төмендігі және отбасылық мән-жайлар. Бұл жас кадрлардың мемлекеттік қызметшілердің иығына түсетін талаптарға, шектеулерге және жауапкершілікке дайын еместігін көрсетеді. Қазіргі заманғы мемлекеттік қызметші стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, парасаттылық, жеделділік сияқты құзыреттерге ие болуы керек, яғни бәсекеге қабілетті болуы тиіс»,-дейді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова.
Департамент басшысының атап өткен мәселелерінің шешімін табудың бір жолы- «Жетісу» — «Мемлекеттік қызмет мектебі» болып табылады.
Мемлекеттік қызметке өзінің болашақ өмірі мен мансабын мемлекеттік қызметпен байланыстыратын адамдар келуі тиіс. Өйткені, Мемлекеттік қызмет-бұл жай жұмыс, емес-бұл кәсіп. Сондықтан, жастар Мемлекеттік қызмет мектебін бітіріп, онда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды игеріп, шектеулер туралы түсінікті саналарына түйіп келуі тиіс. Осы тұрғысында, «Жетісу» – «Мемлекеттік қызмет мектебінің» жұмысы орасан зор рөл ойнамақ.
Жалпы аталған жобаның жүзеге асқанына 3 жылдан асты. Осы уақытта 84 студент білім алып, оның 50% — дан астамы мемлекеттік қызметке орналасты.
Нәтижелі жұмысты одан әрі жалғастыру оңтайлы шешім. Сол себепті, уақыттың жаңа талаптарына сәйкес, енгізілген өзгерістермен Департамент, Мемлекеттік қызмет академиясының филиалы, Білім басқармасы және облыстың Ішкі саясат басқармасы арасында төрт жақты меморандумға алдағы үш жыл бірге жұмыс жасамаққа қол қойды. Ендігі жұмыстың сипаты да өзгермек. Егер бұрын мектеп студенттері үшін сабақтар І. Жансүгіров атындағы университетте өткен болса, бұдан былай сабақтар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы филиалының ғимаратында өтеді, онда сапалы және тиімді сабақтарды өткізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.
«Жетісу» мектебінің оқытушылар құрамы Академия филиалының үздік оқытушылары мен лекторларынан құралған. Олар өз кезегінде тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметте бағын сынағысы келетінін жастарға бағыт-бағдар береді. Оқу барысы теория мен практикаға негізделеді. Академия қабырғасында білім алғандар алдағы таңда тәжірибе алмасу үшін облыстағы мемлекеттік мекемелерден іс-тәжірибеден өтеді. Бұл оларға тез бейімделуге және халыққа қызмет етуге кірісуге мүмкіндік береді.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments