Воскресенье, 14 июля, 2024
Басты бетЖаңалықтар«BAQYLA» қоғамдық қозғалысы сайлауда белсенділік танытпақ

«BAQYLA» қоғамдық қозғалысы сайлауда белсенділік танытпақ

«BAQYLA» қоғамдық қозғалысының байқаушылары Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында елішілік тұрақтылық пен дауыс беру рәсімінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету үшін өңірлік штабтарда бақылаушылық жасайтын болады. Бұл туралы «BAQYLA» қоғамдық қозғалысының Талдықорған қаласы бойынша үйлестірушісі Бақтияр Жақсыкелдинов Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
««BAQYLA» қоғамдық қозғалысына 54 байқаушы семинарлық талаптан өтті. Оларға арнайы шарт қойылған болатын. Мәселен, сайлау науқанында болып жатқан қандай да бір оқиғалар, ақпараттар болсын өздерінің әлеуметтік парақшаларына жариялап отырады. Қазір болып жатқан насихаттау жұмыстарында да байқаушылар өз қызметтерін атқарып отыр. Ал, сайлау күні «BAQYLA» қозғалысы елдегі барлық сайлау учаскелерінен жағдайды баяндап, сағат сайын брифингтер өткізеді. Өңірлерден онлайн трансляциялар ұйымдастырып, әлеуметтік желілерде посттар мен видеоларды жариялайды.
Талдықорған қаласында жалпы 58 сайлау учаскісі бар болса, оның 4-і жабық, ал 58- і ашық. Қазіргі уақытта Жетісу облысынан 10 ұйым тіркелді. Олардың қатарында қоғам белсенділері мен қоғамдық бірлестіктерден жиналған 1000-ға жуық бақылаушы бар. Айта кетейік, бүгін барлық аудандық, қалалық координаторларды оқыту басталды. Сондай-ақ, қоғамдық бақылаушыларды оқыту тренингтары да жүргізілуде», – дейді Бақтияр Жақсыкелдинов.
BAQYLA» қоғамдық қозғалысы 4-ші мәрте сайлау науқанында өздерінің байқаушы ретінде қызметтерін атқаруда. Бүгінде Қазақстан бойынша 25 қалада 3 мыңға жуық учаскені бақылайды. Аумақтық бақылаушылар желісі жұмысы Алматы қаласындағы орталық штаб пен еліміздің 17 қаласында орналасқан өңірлік штабтар арқылы жүргізіледі. Ал Жетісу облысы бойынша штаб Талдықорған қаласында Заң колледжінің 3-ші орналасқан.
«Біз әрбір бақылаушының қолына арнайы блокнот береміз. Онда қалай акт толтыру керек, дауыс санау кезінде нені ескерген жөн барлығы анық жазылған. Осы аталғандардың барлығын жақсы меңгергендер ғана бақылаушы болады. Сонымен қатар, басты талап – тәуелсіз бақылаушылар 18 жасқа толған және ешқандай партияға мүше болмауы керек», – дейді қоғамдық қозғалыс үйлестірушісі.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments