Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарNIS оқушысы KAIST-ке шақыру алды

NIS оқушысы KAIST-ке шақыру алды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Санжар Тұрғанбек Оңтүстік Кореядағы KAIST-те оқуға грант ұтып алды.

Оқудағы жоғары жетістіктері, көшбасшылық қасиеттері, үлкен жұмыс қабілеті Санжардың жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Өйткені, Кореяның ең танымал университеттерінің біріне түсу кездейсоқтық емес.

Кореяның озық технологиялар институты білім берудің жоғары стандарттарымен әйгілі элиталық зерттеу университеттері тобына кіреді.

Санжар информатика факультетінде бакалавриатта оқуды жоспарлап отыр.

— Мені әрқашан ақпараттық технологияның жұмысs қызықтырады. Сегізінші сыныптан бастап информатикадан олимпиадалық резервтің мүшесі болып табыламын. Осы күнге дейін әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды оқып, зерттеп келемін және KAIST университеті менің қойған мақсаттарыма сәйкес. Ол жерде жақсы зерттеу мүмкіндіктері, болашақта тәжірибеден өтуге шанс бар», — дейді болашақ студент.

Санжар – болашақ IT-маман, беделді халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегері, информатикадан бірқатар республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Массачусетс технологиялық институтының жазғы мектебінің қатысушысы. Атақты MIT институтының зертханасында Санжар InferenceQL программалау тілін зерттеді.

— Мүмкін емес ештеңе жоқ, үлкен арман мен мақсаттың арқасында ауқымды жобаларды жүзеге асыруға болады. Бәрі ойдағыдай болады деп үміттенемін», — деп сұхбатын Талдықорған қаласындағы NIS 12-сынып оқушысы, KAIST грантының иегері Санжар Тұрғанбек түйіндеді

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments