Пятница, 14 июня, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында ең көп мемлекеттік қызмет көрсететін бағыт – денсаулық саласы

Алматы облысында ең көп мемлекеттік қызмет көрсететін бағыт – денсаулық саласы

Мұны Алматы облысындағы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсеқұлова айтты.

«Алматы облысында ең көп мемлекеттік қызмет көрсететін бағыт – денсаулық саласы. Өңірде 4 млн-нан астам қызмет көрсетілсе, оның 54 пайызы осы салаға тиесілі. Оның ішінде, халық жедел жәрдем және дәрігер қабылдауына жазылу секілді көмектерді жиі пайдаланады», — деді Ләззат Бейсеқұлова.
Маманның айтуынша, екінші орында білім саласының қызметі қолданылады. Нақтырақ айтқанда, балаларды балабақшаға орналастыру және кезекке тұрғызу қызметі пайдаланылады.
«2022 жылы электронды түрде халыққа 11 млн-ға жуық қызмет көрсетілді. Өңірде 90 пайыз қызметтің ғаламтор арқылы орындалатынын да айта кеткен жөн. Бұдан бөлек, облыс бойынша өзіне-өзі қызмет көрсететін 1244 бұрыш ашылды. Оның 1118-і аудан орталықтарында, 126-сы ауылдарда орналасқан. Және облыста 15 сервистік әкімдік жұмыс істеп тұр», — деді маман.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments