Понедельник, 14 октября, 2024
Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында «Рамазан қоржыны» таратылады

Алматы облысында «Рамазан қоржыны» таратылады

Айлардың сұлтаны – Рамазан ағымдағы жылы 2 сәуірде басталады. ҚМДБ мен Өзбекстан, Қырғыстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген. Бұл туралы « Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Данағұлов мәлімдеді.
Биылғы рамазан 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Сондықтан «хақтан хабар түскен айда» ораза ұстау уақыты тура 30 күнді құрамақ. Сонымен қатар, ең қасиетті түн-Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған күнге сәйкес келуде.
Айта кетеу керек, пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Сондай-ақ, спикер еліміздегі әрбір алла үйінде тарауық намазы оқылатын болады деп айтып өтті. Естеріңізде болса, карантин шараларына байланысты мешіттерде жамағат болып жиналуға рұқсат етілмеген болатын. Алғашқы тарауық намазы барлық өңірдегі мешіттерде 1 сәуір күні кешке оқылады.
«Бұл айда «Рамазан қоржыны», «Шарапатты Рамазан», «Рамазан тәттісі» сынды көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Шара аясында көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері мен бүлдіршіндергі түрлі тәтті таратылады деп жоспарланған»,-деп қорытынтылады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Данағұлов.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments