Пятница, 19 апреля, 2024
Басты бетNur OtanҮлгілі ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ТҰРАР БОЛАТҚАНҰЛЫ...

Үлгілі ауылдық округі əкімінің сайлауына «Nur Otan» партиясынан үміткер ТҰРАР БОЛАТҚАНҰЛЫ БАТЫРБАЕВТЫҢ 2021-2025 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Қазақстанда әр ауылдың да өзінің әлеуеті бар»
Тұңғыш Президент – Елбасы, «Nur Otan»
партиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев

Құрметті Үлгілі ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Батырбаев Тұрар Болатқанұлы, 23 қыркүйек 1991 жылы Сарыбастау ауылында өмірге келгем. 2009 жылы орта мектепті бітіріп. Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне түстім, 2014 жылы ветеринариялық санитария дәрігері мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын аяқтадым. Үйленгенмін, төрт баланың әкесімін.
Жоғары білім алған соң, еңбек жолымды 2014 — 2016 жылдары Үңгіртас ауылдық округінде ветеринарлық дәрігері қызметінен бастадым. 2016 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Үлгілі ауылдық округінде ветеринария пунктінің меңгерушісі қызметін атқарудамын. Үлгілі ауылы халқының тұрмыс-тіршілігімен таныс болғандықтан олардың қиындықтарын мен жақсы білемін. Сол үшін ауыл тұрғындарымен осы қиындықты бірге еңсерсем деймін.
Атап айтсақ, өрт сөндіру бекеті мен газдың ауылға дейін тартылмағандығы бəрімізді толғандырады.
Бұл үшін маған сіздердің қолдауларыңыз қажет!

Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: +77772705577
Email: turarbatyrbaev@gmail.com

Құрметпен, Тұрар Батырбаев

Мені ауыл əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

 2023 жылға қарай ауылға 100% газ тартылатын болады;
 2023 жылы өрт сөндіру бекеті құрылуына ықпал етемін;

Мен ауылдың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы:

 Үлгілі ауылына фельдшерлік амбулатория салуға;
 халыққа коммуналдық қызмет көрсету сапасын жақсартуға;
 ауылдағы интернет байланысының сапасын арттыруға
күшімді саламын.

 Ауыл тұрғындарына салауатты өмір сүру салтын насихаттауға;
 Ауыл тұрғындарының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуге
үлесімді қосамын.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments