Жексенбі, Қазан 2, 2022
Басты бет Жас түлек назарына Жас түлектерді оқуға шақырамыз

Жас түлектерді оқуға шақырамыз

ҚР Төтенше жағдайлар институты оқуға шақырады

-Институт туралы ақпарат

Институтқа күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігімен өткізілетін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жəне кешенді тестілеу (КТ) қорытындылары сертификатының балдарына сəйкес жүргізіледі.

Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады:

бірінші кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ жəне КТ нəтижесі бойынша іріктеу жүргізеді.

ҰБТ тапсыру үшін пәндер тізімі

  1. Математикалық сауаттылық
  2. Оқу сауаттылығы
  3. Қазақстан тарихы

Бейінді пәндер

  1. Математика
  2. Физика

екінші кезеңде медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында іріктеу жүргізіледі.

үшінші кезеңде талапкерлер бекітілген нормативтерге сəйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады: бағанада тартылу,              100 м жүгіру, 3000 м жүгіру.

төртінші кезеңде қабылдау комиссиясы сайыстық іріктеу жəне Институт курсанттары қатарына қабылдайды, сонымен қатар шетелдердің бейінді оқу орындарына түсуге іріктеу жасайды.

Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің кадр жұмысы бөлімшелеріне өтініш (ерікті түрінде) береді.

ИНСТИТУТТА ОҚУ ШАРТТАРЫ

Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Институттың күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.

МАМАНДЫҚТАР

– 5В100100-Өрт қауіпсіздігі;

– 5В103100 Төтенше жағдайларда қорғау.

* * *

Информация об Институте

По очной форме обучения в Институт принимаются граждане Республики Казахстан, имеющие среднее образование, достигшие шестнадцатилетнего возраста годные по состоянию здоровья к воинской службе и учебе.

Прием на учебу осуществляется в соответствии с баллами сертификата единого национального тестирования (ЕНТ) и комплексное тестирование (КТ), проводимого Министерством образования и науки Республики Казахстан.

Прием граждан на очное обучение осуществляется в четыре этапа:

на первом этапе приемная комиссия изучает личные дела абитуриентов и проводит отбор по результатам ЕНТ и КТ

перечень предметов для сдачи ЕНТ

  1. 1. Математическая грамотность
  2. Грамотность чтение
  3. История казахстана

Профильные предметы

  1. Математика
  2. Физика

на втором этапе проводится отбор по медицинским и психофизиологическим показаниям с целью определения годности по состоянию здоровья к поступлению на учебу;

на третьем этапе абитуриенты сдают зачет по физической подготовке в соответствии с утвержденными Нормативами: подтягивание на перекладине,          бег 100 м, бег 3000 м.

на четвертом этапе приемная комиссия осуществляет конкурсный отбор и зачисление в число курсантов Института, а также отбор для поступления в зарубежные профильные учебные заведения.

Граждане, изъявившие желание поступать в Институт подают заявления (в произвольной форме) в подразделения кадровой работы территориальных Департаментов по чрезвычайным ситуациям по месту жительства.

УСЛОВИЯ ОБУЧЕНИЯ В ИНСТИТУТЕ

Обучение курсантов осуществляется за счет средств республиканского бюджета. Курсанты на весь период обучения обеспечиваются бесплатным обмундированием, питанием и государственной стипендией, а также им оплачивается проезд в период каникулярных отпусков. Для лиц, окончивших полный курс очного обучения в Институте, а именно – 4 года, время обучения приравнивается к прохождению срочной воинской службы.

СПЕЦИАЛЬНОСТИ

– 5В12302- Пожарная безопасность;

– 5В12303- Защита в чрезвычайных ситуациях;

– 6В12191 – Командная тактическая сил гражданской обороны;

– 6В45604 – Пожаротушение и аварийно спасательное

 

 

 

 

 

 

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments