Сәрсенбі, Мамыр 18, 2022
Басты бет Nur Otan Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға көмек көрсетті

Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға көмек көрсетті

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне түрлі жағдаймен келіп мәселелерін айтып, көмек сұрайтын жандар аз емес. Бірі тұрмыстық жағдайымен көмекке мұқтаж болса енді бірі денсаулығына байланысты көмекке зәру екені белгілі. Бұндай мәселелермен келген азаматтарға көбіне аудандық және облыстық мәслихат депутаттары өздерінің тарапынан демеушілік танытып, көмек қолын созады. Осындай игі істерді атқару үшін «Nur Otan» партиясында «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» сынды бірнеше жоба қолға алынған болатын. Осы жобалардың негізінде аудандық партия филиалы тарапынан жүздеген адамға көмек көрсетіліпті. Соның бірі жуырда облыстық мәслихат депутаты Елдос Жақсылықұлы Үшкемпіровтың жасаған игі ісі. Елдос Үшкемпіров  аудандық мүгедек спортшылар федерациясының басшысы Серғазы Мұстахимовтың қоластында мүгедектігіне қарамай, тағдыр тәлкегіне налымай белсенді түрде спортпен айналысып жүрген 20 мүмкіндігі шектеулі спортшының жанұясына партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында азық-түлік себеттерін таратып, сауапты іс жасады. Өздеріне көмек қолын созып, көңіл бөлген облыстық мәслихат депутаты Елдос Жақсылықұлына мүмкіндігі шектеулі спортшылар алғыстарын айтып, ақ батасын берді.

Елдар Жақыпбеков

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments