Понедельник, 27 мая, 2024
Басты бетМӘМСМӘМС жүйесінде қолжетімді ауыл медицинасы

МӘМС жүйесінде қолжетімді ауыл медицинасы

Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласынан 200 шақырым жерде Алмалы ауылдық ауруханасы жұмыс істейді. Онда Байшегір ауылдық округінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетіледі. Ауруханаға 900 адам тіркелген. Медициналық мекеме 2005 жылдан бастап жұмыс істейді және тұрғындарға терапевтік бейіндегі жоспарлы медициналық көмек көрсетеді. Сондай-ақ ауылдық ауруханада стоматологиялық, акушерлік және физио-кабинеттері бар.
Жергілікті тұрғын Р. Байділдаев ауруханада ауыр жарақаттан кейін оңалтудан өтуде. Аурухана меңгерушісі Дина Темировнаның айтуынша, науқас ауруханаға денсаулық жағдайы орташа дәрежеде түскен.
«Оң жақ жамбас сүйегі жарақаттанған 1999 жылғы науқас біздің ауруханаға түсті. Біз алғашқы көмек көрсеттік, кейін жолдама бойынша МРТ өту үшін аудан орталығына жібердік. Содан кейін оған жолдама бойынша Талдықорған қаласының көпсалалы ауруханасының травматология бөлімінің стационарында ем жүргізілді. Кейін науқас тұрғылықты жеріне, яғни біздің ауылдық ауруханаға витаминдік терапияға жіберілді. Ол дербес төлеуші, сақтандырылған және тиісінше біз оған МӘМС аясында барлық медициналық қызметтерді тегін көрсетудеміз», — деді Дина Темировна.
«Күн сайын менің жағдайым жақсарып келеді. Өздігімнен қозғала аламын. Біздің ауыл ауруханасының дәрігерлеріне алғашқы көмек және операциядан кейінгі күтім үшін алғыс айтқым келеді»,- деп ризашылығын білдірді науқас.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments