Жұма, Мамыр 20, 2022
Басты бет Uncategorized Партия жұмысына қанағаттарлық деген баға берілді

Партия жұмысына қанағаттарлық деген баға берілді

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының XХVIII есеп беру-сайлау конференциясы онлайн түрде өтті. Конференция жұмысына облыстық Саяси кеңес, бақылау-тексеру комиссия мүшелері, аумақтық партия филиалдарының төрағалары, олардың бірінші орынбасарлары, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары, депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері қатысты.

Күн тәртібінде партияның Алматы облыстық филиалы Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарылған жұмысы туралы есебі, Алматы облыстық филиалының Саяси кеңесін және Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау мәселелері қаралды.

Конференцияға «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бағдат Байшалұлы Әлиев, «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Еркінұлы Амалбек пен 13 делегат Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Алматы облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттер бойынша «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы Амандық Ғаббасұлы Баталовқа баяндама жасады.

Амандық Ғаббасұлынан кейін облыстық мәслихат депутаты Асқар Фазылұлы Сүлейменов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрайымы Римма Аждарқызы Салықова, Президенттік шәкіртақы иегері, «Көшбасшы – 2020» жастар сыйлығының лауреаты, «Жетісу адалдық алаңында» Антикорлайф бағдарламасының жүргізушісі  Тұрдаш Мадина жарыссөзге шығып, баяндама жасады.

Күн тәртібінде белгіленген екінші мәселе бақылау-тексеру комиссиясына сайланғаннан кейін күн тәртібіндегі үшінші мәселе Саяси кеңес мүшелерінің өкілеттілік мерзімі аяқталуына байланысты облыстық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері сайланды.

 Саяси кеңестің жаңа құрамымен таныстыру үшін облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Қожағұлқызы Тойлыбаева мінбеге шығып баяндама жасап, сайланған кеңес мүшелерімен таныстырып шықты. Сондай-ақ күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша бақылау тексеру комиссиясының құрамы сайланды.

Конференция соңында Саяси Кеңес мүшелерінің назарына Бюро құрамына енгізілетін 13 партия мүшесін таныстыру үшін сөз Алматы облыстық партия филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Ешмұханбетұлы Ақболатовқа берілді.

Осылайша Алматы облыстық партия филиалының  XXVIII есеп беру-сайлау конференциясына қатысушылар партияның 2019-2020 жылдарда атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға беріп, күн тәртібінде көтерілген мәселелерді бірауыздан қолдап, шешім шығарды.

Елдар Еркінұлы

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments