Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетСпортБейресми – бесінші ракетка

Бейресми – бесінші ракетка

Теннистен әлемнің алтыншы ракетасы Елена Рыбакина кеше Италиядағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында дүниежүзілік рейтингте бірінші орында тұрған Польшаның мықтысы Ига Швентекпен шеберлік байқасты.

Жерлесіміз байрақты бәсекесінің төртінші айналымында әлемдік рейтингте 70-орында тұрған чехиялық Маркета Вондроушовадан екі сетте – 6:3, 6:3 есебімен басым түсіп, ширек финалға шыққанының арқасында бейресми түрде WTA Live кес­тесінде бесінші орынға көтерілді.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың үш дүркін жеңімпазы, осы доданың кейінгі екі жылдағы бас жүлдесін иеленген Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Швентек пен Рыбакина осыған дейін өзара үш рет кездес­кен еді. Бұл матчтың алдына әзірше есеп – 2:1, Еленаның пайдасына.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments