Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарБІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫНДА АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТЕЙІК

БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫНДА АЯНБАЙ ЕҢБЕК ЕТЕЙІК

 

Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған үндеуінде шалғай ауылдарға білікті мұғалімдерді тартып, білім сапасын көтеруге мол мүмкіндік жасау керектігі туралы айтты. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сапалы білімге қолжетімділікті арттыру сөзсіз басым бағыт болып табылады. Бұл – бүкіл қоғам дамуының аса маңызды факторы. Біз мектептерді қалай материалдық жағынан қамтамасыз етсек те, білім сапасын жақсы мұғалімдерсіз көтеру мүмкін емес»,-деді.

 Сондай-ақ, Президент мұғалім тапшы өңірлерге үздік педагогтарды тартудың жаңа тәсілін ұсынды. «Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім –мектептің жүрегі. Сондықтан мен мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын», — деді.

Иә, Президентіміздің бұл бастамасы аудан мен қала орталықтарынан шалғай жатқан ауылдардағы білім сапасын көтеруге бірден-бір көмек болмақ. Ауылдың біліміне көңіл бөлуді қолға алған Қасым-Жомарт  Тоқаевтың бұл үндеуіне  шалғайда жатқан біздің ауыл ұстаздры да өз үндерін қосып, қолдау білдіруде. Себебі, ауыл балалары елдің ертеңгі болашағы. Олардың сапалы білім алуы еліміздің дамуына үлкен септігін тигізбек. Бүгінгі оқушы —еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтын азаматы. Сол азаматтарды білімді қылып тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Осы міндетті абыроймен атқарып, ел болашағы үшін бірігіп күш жұмсап, білімді ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етейік.

Қапиза Абдусаламова,

«Саурық батыр» орта мектебінің директоры

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments