Вторник, 4 августа, 2026
Басты бетЖаңалықтарЕлімізде экономикалық өсуді жеделдету шаралары талқыланды

Елімізде экономикалық өсуді жеделдету шаралары талқыланды

Қазақстанда экономикалық өсудің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті.

Жиында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция және өңірлік даму көрсеткіштері сараланып, экономиканы одан әрі жеделдетуге бағытталған нақты шаралар қаралды. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды уақытылы іске асыру, жаңа өндірістерді қолдау және өңірлердің даму қарқынын сақтау мәселелері талқыланды.

Үкімет экономиканың нақты секторын қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық белсенділікті арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстайтынын атап өтті.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments