Жібек Жолы ауылының тұрғыны, 73 жастағы ақсақал Шапиев Хатепбай жедел трансмуралды инфаркт диагнозымен Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасына жедел жәдем көлігімен 3-сәуір күні жеткізілген болатын.
Бейінді мамандар тексеру барысында оның жүрек жұмысы мен артериалды қан айналымының бұзылғанын, тұрақсыз стенакордия анықтады. Оған шұғыл ем-шара жасалуға кірісті. Қабылдау бөлімінің меңгерушісі Марат Абжановтің айтуынша, ауруханаға жеткізілгенде ақсақалдың жағдайы ауыр халде болған.
«Өмірі мен денсаулығына қауіп жоғары болғандықтан тезарада коронаграфия жасалды.Қажетті ем тағайындалды», — деді маман.
Науқас бірнеше күн терепия бөлімінен ем алып,жүрек жұмысы тұрақтанғаннан соң, оңалту бөліміне ауысты.
«Жасалған ем нәтижиелі болды. Қазір ақсақалдың жағдайы жақсарды, ол ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», — дейді реабилитолог дәрігер Эльмира Бекжанова
Оның айтуынша, мұндай науқастар, ауруханадан шыққан соң дәрігердің диспансерлік бақылауында болуы тиіс.
Көрсетілген медициналық қызмет сапасы жайлы пікірін білу үшін, Хатепбай ақсақалды әңгімеге тарттық.
«Бұрынғымен салыстырғанда медициналық қызмет сапасы әлде қайда жақсарған екен. Өзіміздің Қарасай ауданындағы ауруханада оңалту бөлімі,қан-тамырлардың жұмысын шұғыл тексеретін ангиография бөлімі ашылғанын біліп отырмын. Мұнда дәрігерлер науқастарды мұқият қарап, денсаулық жайлы егжей-тегжейлі түсіндіреді, мейірбикелер өте кішіпейіл екен. Дәрі-дәрмектер уақытында салынып жатыр.Алғыстан өзге айтарым жоқ. Барлық ем-шаралар, тексерулер қолжетімді болғаны үшін ризашылығым шексіз»-деп ақсақал сөзін аяқтады.
Осы орайда айта кететін жайт, зейнеткерлер МӘМС жарнасын төлеуден босатылған, олар мемлекет тарапынан сақтандырылатын 15 санатқа кіреді. Сонымен қатар әр азаматты медициналық сақтандырудың ағымдағы жағдайын білуге және МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді пайдалануға шақырамыз.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек алуға қатысты сұрақтар бойынша және кез келген сұрақтар бойынша келесі қолжетімді ресми байланыс арналарына әрқашан хабарласуға болатынын еске саламыз: байланыс орталығы 1406, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Қордың www. fms.kz, Telegram-да Saqtandyry -бот.
Мақаланы әзірлеген ШЖҚ «Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК дәрінері Таждинова Дана