Понедельник, 16 ноября, 2026
Басты бетAtamekenКОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БЕРЕКЕСІ МЕН ТҰРМЫС САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ БЕРЕКЕСІ МЕН ТҰРМЫС САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ

 

Конституция – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның дамуына негіз болатын басты құжат. Онда әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары, әлеуметтік қорғалуы, лайықты өмір сүруіне қажетті жағдайлар жасау қағидаттары айқындалған. Ата Заңның басты құндылығы – адам мүддесін жоғары қойып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мүмкіндіктерге жол ашуы.

Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының да Конституцияда бекітілген әлеуметтік қағидаттарды жүзеге асырудағы орны ерекше. Өйткені әрбір отбасының жайлы баспанада тұруы, үйлеріне жылудың берілуі, ауызсумен қамтылуы, электр энергиясы мен басқа да коммуналдық қызметтердің қолжетімді болуы – күнделікті өмір сапасын айқындайтын маңызды факторлар.

ЖКХ саласының негізгі міндеті – тұрғындарға сапалы әрі үздіксіз коммуналдық қызмет көрсету, елді мекендердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту және халыққа қолайлы тұрмыс жағдайын қалыптастыру. Осы бағыттағы әрбір атқарылған жұмыс азаматтардың жайлы өмір сүруіне, әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына және өңірдің өркендеуіне қосылған үлес болып саналады.

Бүгінде тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, инженерлік желілердің жағдайын жақсарту, жылу және сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізудің маңызы зор. Сонымен қатар тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ асып, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру – сала мамандарының басты жауапкершілігі.

Конституция әрбір азаматтың құқығын қорғаумен қатар, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен ортақ мүддені де қалыптастырады. Осы тұрғыдан алғанда, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер мен тұрғындардың бірлескен әрекеті де маңызды. Табиғи ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны таза ұстау, қоғамдық мүлікке ұқыптылықпен қарау – баршамызға ортақ міндет.

Ата Заңда айқындалған әділеттілік, жауапкершілік және адамға деген құрмет қағидаттары әр саладағы жұмыстың басты бағдары болуы тиіс. Ал тұрғындардың алғысы мен сенімі – коммуналдық шаруашылық қызметкерлері үшін ең үлкен марапат.

Өйткені жайлы өмір – үлкен өзгерістерден ғана емес, әр үйге жылу берген, әр көшеге жарық түсірген, әр шаңырақты таза ауызсумен қамтамасыз еткен күнделікті еңбектен басталады.

Конституция – ел бірлігінің тірегі, ал халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – ортақ мақсатымыз!

Жамбыл аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments