Суббота, 4 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарМедициналық сақтандыру қоры Сарқан ауданының тұрғындарымен кездесті

Медициналық сақтандыру қоры Сарқан ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгінгі таңда Сарқан ауданының 35 мыңнан астам тұрғынының 6 938-і МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған. Бұл туралы Сарқан қаласында өткен есептік кездесуде медициналық сақтандыру қорының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Гульзия Таипова мәлімдеді.
«Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтармен үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, алайда төлемнен бас тартудың негізгі себебі табыстың болмауы болып табылады. Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдар араласуы тиіс. Сондай-ақ, сақтандырылмаған санаттағы қызметкерлер санының өсуі байқалады. Бұл жағдайда салықтық әкімшілендіру шеңберінде салық басқармасының күшейтілген жұмысы қажет. Атап айтқанда, жұмыс берушілерді қызметкерлері үшін МӘМС жарналарын ай сайынғы аударып тұруын тексеру қажет. Бұл сақтандырылмаған жеке кәсіпкерлерге де қатысты», — дейді Қор филиалының басшысы.
Ауданда жергілікті атқарушы билік халықты МӘМС жүйесімен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бірақ қиындық туғызатын мәселелер де бар, атап айтқанда, бұл азаматтарды жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуге қатысты. Тұрғындар жұмыссыздар санының статистикалық көрсеткіштерінің артуынан болдыртпау мақсатында, тіркеуден бас тартады деп шағымданады. Өз кезегінде жергілікті атқарушы орган бас тартуды, «тұрғындар МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіру үшін ғана тіркеледі, ал жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар түскен кезде бас тартады» деп негіздейді.
Әлеуметтік салаға жауапты Сарқан ауданы әкімінің орынбасары Алмас Байғұнысов бұл мәселе халық үшін өзекті болып табылатынын, өйткені аудан халқының 19% — дан астамы жоспарлы медициналық көмекке қол жеткізе алмайтынын атап өтті.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесінде барлық мүдделі атқарушы органдардың кешенді жұмысы қажет. «Отбасының цифрлық картасы» бағдарламасы көмегімен тиісті халықты жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз», — деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, МӘМС туралы Заңға сәйкес 15 жеңілдікті санатқа кіретін адамдар жарналарды төлеуден босатылады және мемлекет есебінен сақтандырылған болып табылады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments