Понедельник, 6 мая, 2024
Басты бетЖаңалықтарТоқаев Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Тоқаев Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы жазушы Жұмабай Шаштайұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президент қарымды қаламгер, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. «Жұмабай Шаштайұлы қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, руханиятымыздың дамуына елеулі үлес қосты. Шығармалары кеңінен насихатталып, оқырман тарапынан жоғары бағаланды. Өнегелі ғұмыр кешкен Жұмабай Шаштайұлының есімі мен жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта. Бүгін, 12 наурызда жазушы Жұмабай Шаштайұлы өмірден озғаны хабарлаған едік. Қаралы хабарды ақын, мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook желісіндегі парақшасында естірткен.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments