Пятница, 26 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарТүркияда үйінді астынан екінші қазақстандықтың денесі табылды

Түркияда үйінді астынан екінші қазақстандықтың денесі табылды

Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандық — Мирболат Құрмашевтың денесі табылып шығарылды.

ТЖМ мәліметінше, үйінді жағдайындағы қозғалыс кезінде іздестіру барысында құтқарушылар алдын ала белгіленген іздестіру орнына қол жеткізу үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасаған. Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді.

Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты.

Еске салайық, бұған дейін бейсенбіде қазақстандық құтқарушылар толығымен қираған алты қабатты ғимараттың қирандыларын тазалау кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапқан болатын

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments