Суббота, 27 апреля, 2024
Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

Қазақстанда биыл 23,8 млн гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.

«Бидайға 13,3 млн гектар егістік алаңдары бөлінген. Майлы дақылдар алаңын 385 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда, бұл жалпы егіс алаңын 3,2 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Оның ішінде күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл алаңын 60 мың гектарға ұлғайтып, 1,2 млн гектарға дейін жеткізілмек. Мақта алқаптары 16 мың гектарға, күріш алқаптары 6,4 мың гектарға қысқаруы мүмкін», — деді министр.

Жаппай егіс науқаны биыл мамыр айының екінші онкүндігінде басталады.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments