Суббота, 23 ноября, 2024
Басты бетТәуелсіздікке 30 жылҚызметте қабілетті, спортта ширақ

Қызметте қабілетті, спортта ширақ

Қызмет барысына сай уақытының бірқатар бөлігін кеңседе өткізетін мемлекеттік қызметкерлер бір сəт бой сергіту үшін аптасына бір күнді бекітіп, спортпен шұғылдануды əдетке айналдырғалы да біраз жылдың жүзі болды. Кейбірі футболдан, енді бірі үстел теннисі мен волейболдан команда құрып, өзара жарыс ұйымдастырып, жеңімпаздарды анықтап жүреді. Осынау мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 30 жылдығына орай жуырда волейбол мен үстел теннисінен ауданаралық жарыс ұйымдастырды. Волейбол бəсекесіне аудандық мемлекеттік қызметкерлерден құралған 15 команда қатысты. Бейне бір кəсіпқой спортшылар сынды өнер көрсеткен олар намысты додада өз арасындағы ең мықтыны анықтады. Нəтижесінде, жүлделі І орынды Қасымбек ауылының мемлекеттік қызметкерлері иеленсе, ІІ орыннан Мыңбаев, ІІІ орыннан Талап ауылынан келген мемлекеттік қызметкерлер көрінді. Волейболдан кейін үстел теннисіне əр ауылдық округтен жиырма мемлекеттік қызметкер қатысып, өз шеберліктерін сынады. Бұл бетпе-бет жарыста жамбылдық Ермек Шаштай алдына жан салмай І орынды жеңіп алса, айдарлылық Ербол Əшімов ІІ орынды, сарытауқұмдық Жалғас Жораев ІІІ орынды иеленді.

Осылайша мемлекеттік қызметкерлер өздерін тек қызметте ғана емес спортта да қабілетті екенін тағы бір мəрте дəлелдеп, сегіз қырлы, бір сырлы ширақтығын танытты.

 Е.ЕСҚОЖА.

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments