Понедельник, 24 июня, 2024
Басты бетСайлау—2023ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ: БІЗГЕ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚАЖЕТ

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ: БІЗГЕ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ҚАЖЕТ

Бүгін «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов, Серік Егізбаев, Дәурен Рахымбек, Қантай Әлібек, Жандос Тұрсынғалиев Шығыс Қазақстан облысында орналасқан «Май» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Шараға Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатқа партия атынан кандидаттар да қатысты.

«Май» АҚ еліміздегі ең алғашқы және Орта Азия аумағындағы күнбағыс майын өндіретін ірі зауыттардың бірі.  Зауыт соңғы жылдары жабдықтарына терең жаңғырту жүргізді.  Соның арқасында зауыт тұтынушыға «П» — Премиум маркалы тазартылған, иіссіздендіріліп мұздатылған күнбағыс майын ұсынуға қол жеткізді. Зауыттың жұмыс үдерісі толығымен автоматтандырылған, күнбағыс тұқымдары қол еңбегінің араласуынсыз күнбағыс майына айналады.

Жиынға қатысушы зауыт жұмысшылары алдында сөйлеген сөзінде «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Қайрат Айтуғанов «Біз Мәжілісте аграрийлер мен отандық азық-түлік өндірушілерін сөзсіз мемлекеттік қолдауға берік кепілдіктер беретін «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдаймыз. Отандық  бизнесті импорт қысымынан қорғау үшін жаңа кедендік-тарифтік саясатты қолданысқа енгіземіз. Квазимемлекеттік сектор арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және кепілдендірілген сатып алу жүйесін құруға қол жеткіземіз», — деді.

Күнбағыс майын өндіру толық автоматталғанын көзімен көрген «Ауыл» партиясы кандидаттарының зауыт жұмысына әбден көңілі толды.  Кездесу соңында кандидаттар зауыт жұмысшыларына  «Ауыл» партиясы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Зауытта ең заманауи жабдықтар – Швейцариялық «Buhler» компаниясының тұқымдарды автоматты тазалау және дайындау желісі, соңғы өнімнің ерекше сапасын қамтамасыз ететін Бельгиялық «De Smett Ballestra» компаниясының жоғары технологиялық тазалау желісі, пластикалық ыдыс өндіру және осы индустриядағы әлемдік көшбасшы итальяндық «Sipa» компаниясының құю желісі орнатылған. Өндірістің жаңа технологиялары мен заманауи жабдықтардың арқасында зауыт шығаратын күнбағыс майы адам ағзасына қажетті пайдалы заттар мен дәрумендерді барынша толық сақтайды.

 

«Ауыл» ХДПП Баспасөз қызметі

8(7172) 543266 auyl_pressa@mail.ru

RELATED ARTICLES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Advertisment -

Most Popular

Recent Comments